Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік азаматтарды сан соқтырған Екібастұз тұрғыны ұсталды

Екібастұз тұрғыны шетелде тіркелген автокөліктерді қазақстандық есепке қоямын деп ақтөбеліктерді сан соқтырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру мерзімінің аяқталғанына қарамастан, азаматтар әлі де алаяқтарға алданып отыр. Олар белгілі бір сомадағы сыйақыға шетелде тіркелген автокөліктерді қазақстандық есепке қоюға уәде беріп, өз қызметі үшін алдын ала төлем алады.

Жуырда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында осындай сипаттағы заңсыз қызметтерді ұсыну жолымен, Ақтөбе тұрғындарын алдаған күдіктіні ұстады.
Ұсталған азамат 57 жастағы ақтөбелікке шетелдік тіркеудегі автокөлігін қазақстандық тіркеуге қоюға жәрдем көрсететінін айтып, өз қызметі үшін 50 мың теңге көлеміндегі ақша алса, екінші жағдайда ол 24 жастағы ақтөбелікке жүргізуші куәлігін алуға көмек көрсетуге уәде беріп, оның 170 мың теңгесін иеленген. Екі жағдайда да күдікті жәбірленушілермен WhatsApp мессенджеріндегі топ арқылы байланысып, төлемді алдын ала алған. Алайда уәде етілген қызметті де, өз ақшасын да қайтарып ала алмаған көлік иелері полицияға арызданды.

Бұл дерек бойынша ұсталған күдікті жігіт 22 жастағы Павлодар тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Алаяқтық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру