Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғынының көлігінен бампер торын шешіп алған азамат ұсталды

Астана қаласының полицейлері елорда тұрғынының BMW автокөлігінен бампер торын шешіп алған азаматты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, белгісіз біреу оның аулада тұрған көлігінен бампер торын шешіп әкеткені туралы арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адамның түнгі уақытта Қобыланды батыр көшесінде кетіп бара жатып, тұрақта тұрған өзінікіндей көлікті байқағаны белгілі болды. Қаскүнем қылмыстық пиғылмен көлікке келіп, жан-жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң BMW көлігінің бампер торын шешіп алып кеткен.

Ұрланған автобөлшекті қаскүнем өзінің көлігіне салып алған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуға, көліктерді күзет дабылы жүйесімен жабдықтауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру