Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-да жас қызметкерлер ант қабылдады

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Отан қорғаушылар күні мерекесінің қарсаңында ҚАЖД бөліністерінің жас қызметкерлері ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас қызметкерлерді ҚАЖД бастығы Б.Шәкіров құттықтады.

– Ант қабылду күнінің мәні аса зор – бұл күн өмірде бір-ақ рет беріледі. Ант беру – Отаныңа шын беріліп қызмет ету дегенді білдіреді. Қылмыстық-атқару жүйесінің жас қызметкерлеріне зор сенім білдіреміз. Антқа адал болу –  патриотизм рухында тәрбиеленген адамның ғана қолынан келетінін баса айтқым келеді, – деді Шәкіров.

ҚАЖ саласының жас қызметкерлерін қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері мен ата-аналары да құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Шараға қатысушылар қызметтік міндетін атқару үстінде қаза болған әділет сержанты Ж.Қашымбековті бір минут еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру