Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер жоғалған баланы тауып, отбасына қайтарды

Шымкентте полицейлер жоғалған баланы тауып, отбасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“102” арнасына 5 жасар баланың жоғалғаны туралы хабар түсті. Жергілікті тұрғын ұлының аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткенін жеткізді. Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтижесіз болған соң, азаматша полицияға көмек сұрап жүгінген.

Жоғалған баланы іздестіруге Қаратау ауданы полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақты түгелдей шолып , жергілікті тұрғындардан сұрастырды.

Нәтижесінде бала көрші аулалардың бірінен табылып, аман-есен отбасына қайтарылды. Өз кезегінде әбден аландаған ата-ана құқық қорғаушыларға жедел жұмысы үшін шынайы алғысын білдірді.

Полицейлер балалардың қатысуымен қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін азаматтарды перзенттеріне мұқият болуға, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру