Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында пробация қызметі 95 жастағы ардагердің үйіне барып қайтты

Жеңіс күнінде Қарағанды ​​облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД Абай аудандық пробация қызметі Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккері, 95 жастағы Галина Скобароға барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды ​​облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Абай аудандық пробация қызметі Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккеріне құрмет көрсетті.

– Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Бүгінгі бейбіт өміріміздің негізі – сіздерсіздер! Галина Алексеевна, сізбен кездесу біз үшін –  үлкен мәртебе! Сізге зор денсаулық және ұзақ өмір, бейбітшілік пен ізгілік, бақ-береке тілеймін. Сіздің ерлігіңіз бен жеңістеріңіз туралы естелік бәріміз үшін ерлік пен табандылықтың мәңгілік үлгісі болып қала берсін, – деді Абай ауданының пробация қызметінің бастығы М.Нұркенова

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру