Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда медициналық колледж студенттеріне нашақорлықпен күрес бойынша сабақ ұйымдастырылды

Талдықорғанда медициналық колледж студенттеріне нашақорлық індетімен күрес бойынша профилактикалық сабақ өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023-2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары бойынша Талдықорған медициналық колледжінің студентттері үшін облыстық наркологиялық диспансердің дәрігер наркологы Мақсат Ерғабылов және кинологиялық қызмет орталығы бірлесіп дәріс өткізді.

Аталған іс-шара  “Нашақорлық қауіпті індет – міндеттер мен профилактика” тақырыбында өтті. Іс-шара барысында оның қатысушылары кәмелетке толмағандарды есірткінің заңсыз айналымына тартудың алдын алу мәселелерін талқылады.

ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Меруерт Сейітова студенттерге есірткіні қолданғаны, сақтағаны, дайындағаны және таратқаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы еске салды.

– Есірткі организмді толығымен бұзады. Тыйым салынған препараттарды қолдану барлық дәрумендер мен қоректік заттардың шайылуына әкеледі, ал бұл түрлі зақымданудан қалпына келтіру процесін мүмкін емес етеді, – деп атап өтті нарколог дәрігер Мақсат Ерғабылов.

Қонақтар жиналғандарды есірткі және психотроптық заттардың адам ағзасына зиянды әсері туралы хабардар етті. Олар сондай-ақ студенттерге республикада есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сатудың барлық фактілері туралы тәулік бойы хабарлауға болатын жедел желі телефондары жұмыс істейтінін еске салады.

Балалар нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқылауға белсенді қатысты. Кездесу соңында полицейлер балаларға есірткі іздеу бойынша қызметтік-іздестіру иттің жұмысына куә болуды ұсынды. Ол үшін балаларға есірткі муляжын жасыруды сұрады. Қызметтік ит барлық студенттерді айналып өтіп, студенттердің қызығушылығын тудырған тиісті орынның жанында тоқтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру