Түзеу мекемесіндегі маңызды қадам: Қарағанды облысында сотталған түлектер аттестат алды
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №29 мекемеде сотталған азаматтарға орта білім туралы аттестаттар табысталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл күн – олардың білімге деген ынтасы мен табандылығының жемісі. Салтанатты шара барысында түлектерге ізгі тілектер айтылып, оқу процесіндегі жетістіктері ерекше атап өтілді.
Білім беру – сотталғандарды түзету мен қайта әлеуметтендірудің маңызды бағыттарының бірі. Орта білім алу олардың жеке дамуына ықпал етіп қана қоймай, бостандыққа шыққаннан кейін еңбек нарығында өз орнын табуға және жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді.
№29 мекемесінің әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы түлектерді орта білім туралы аттестат алуымен құттықтап, алдағы өмір жолында табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын болашақ тіледі. Білім алу арқылы олар өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, қоғамға бейімделуге бағытталған маңызды қадам жасады.
