Ақтөбе облысында ҚАЖД қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесті
Ақтөбе облысында мектеп оқушыларына ведомстволық оқу орнына түсу жөнінде кәсіптік бағдар берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №70 мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Руслан Салкимбаевтың төрағалығымен Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының №1, 2, 3, 4-мектептерінде 11-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Шрақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына түсу жөнінде кәсіптік бағдар жұмыстары өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға Қостанай академиясына түсу мен оқу ережелері туралы ақпарат берілді. Оқушылардың қойған сауалдарына нақты жауап беріліп, ақпараттық материалдар таратылды. Сонымен қатар күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, 16 жасқа толған, денсаулығы бойынша əскери қызметке жəне оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданатынын ескертіп өтті.
– Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жəне кешенді тестілеу (КТ) қорытындылары сертификатының балдарына сəйкес жүргізіледі. Курсанттар академияда оқудың барлық кезеңіне киім-кешекпен, жатақханада тұрумен, тамақтанумен қамтамасыз етілетін болады, – деп атап өтті Руслан Салкимбаев.