Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың әрекетін тоқтатты

Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданындағы карьерлердің бірінің аумағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндірушілердің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс бойынша күдіктілердің барлығы анықталды. Әрқайсысының қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы тексеріліп жатыр.

 

– Ер адамдар өзен бойындағы кен орны аймағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргені алдын-ала анықталған. Жүргізілген сараптама нәтижесінде көлемі 27 455,47 текше метр балласт екенін көрсетті. Тексеру барысында ер адамдар өндірген кенді мегаполис пен облыс аумағынан алғаны анықталды, — деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Мемлекетке келтірілген залал 122 млн теңгеден асты. Арнайы тұраққа 47 автокөлік мен арнайы техника қойылды. Жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру