Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда мас күйінде көлік жүргізген жеті автокөлік жүргізушісі ұсталды

Ұлытау облысы Жезқазған қаласының тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізген жеті автокөлік жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазған қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қала жолдары мен көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр.

Патрульдеу барысында мас күйінде көлік жүргізген жеті автокөлік жүргізушісі ұсталды. Мас жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, одан әрі сотқа жолданады.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, мас күйінде көлік құралын басқару арқылы заңды бұзған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жезқазған қаласының полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы заңдары мен ережелерін сақтауға, сондай-ақ мас күйінде көлік құралын басқарудан бас тартуға шақырады.

Бұл шаралар жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ықтимал қайғылы салдардың алдын алуға бағытталған.

Барлық азаматтардан полицияның жедел желісінің “102” телефоны арқылы жолдардағы кез келген күдікті әрекеттер туралы хабарлай отырып, ЖҚЕ бұзушылармен күресте полицияға жәрдемдесуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру