Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да Ауған соғысы және полиция ардагері жоғары сынып оқушыларына ерлік сабағын өткізді

СҚО-да Ауған соғысының және полиция ардагері жоғары сынып оқушыларының алдында ерлік сабағында сөз сөйледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әскер және тәртіп сақшылары қатарында қызметке адал болу – басты ұғым болып қала береді. Бұл туралы Петропавл қаласындағы Бірінші гимназия оқушыларына полиция ардагері Жайнақ Тұртаев пен Перопавл қалалық ПБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымтай Аманжолов мамыр айындағы даңқты мерекелер — Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған ерлік сабағында айтып берді.

Жоғары сынып оқушыларының алдында отставкадағы полиция полковнигі Жайнақ Тұртаев — «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған Ауғанстандағы соғысты көрген ардагер сөз сөйледі. 1982 жылы демобилизациядан кейін ол 27 жыл өмірін заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнаған, патрульдік-бекеттік қызметтің милиционерінен Петропавл қаласы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасарына дейін қызмет атқарған.

Жайнақ Тұртаев балаларға өзінің жауынгерлік тәжірибесі туралы айтып берді. Оның сөз сөйлеуі Ауған соғысы туралы танымдық фильммен толықтырылды. Сондай-ақ ардагер полицияның қарамағында заманауи техникалық құралдар болмаған жылдары қызмет туралы және әрине өмірдің басты сабағы ұжымның біріктіруші күші ретіндегі борышқа адалдық туралы айтты.

Сонымен қатар гимназистерді Петропавл қалалық ПБ тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Жандос Асылбаев қызметке кіру туралы ойлануға шақырды, ол өз сөзін кәсіби бағдар беру бейнероликтерімен бекітті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру