Қызылордада есептегі жасөспірімдер көркем сурет гелереясына барды
Қызылордада есептегі жасөспірімдер көркем сурет гелереясына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметтері есептегі сотталғандармен тәрбиелік жұмыстарды қарқынды жүргізуде. Тәрбие жұмыстарының бір бағыты ретінде Қызылорда қалалық пробация қызметінің ювеналды әділет тобының инспекторы Т. Сейталы пробация есебіндегі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галериясына алып барды.
Шараның мақсаты – қолөнер шеберлерінің бұйымдарын жасөспірімдерге кеңінен таныстыру, эстетикалық талғамдарын арттыру, мәдени ой-өрістерін кеңейту, қолөнер өндірісін дамытуға ынталандыру, көнеден келе жатқан ұлттық өнердің ізін жоғалтпай кейінгі ұрпаққа насихаттау.
Жасөспірімдерді көркемсурет галериясының қызметкері қарсы алып, әр залда орналасқан құнды жәдігерлерге, Сыр елінің дарынды суретшілернің қолынан шыққан өнер туындыларына жеке-жеке тоқталды. Алдымен кескіндемеші, график-суретші, Салихитдин Айтбаев туындыларымен танысып, Салихитдин Айтбаевтың сурет салған үстелімен, басқа да қолданған заттарын өз көздерімен көрді.
– Бүгінгі іс-шарадан керемет әсер алдым. Атақты суретшілердің өнер туындыларымен таныстық. Құнды жәдігерлердің тарихын біліп, көңілімізге тоқып алдық. Алдағы уақытта да осындай шараларға үзбей қатысатын боламын, — дейді есептегі жасөспірім.