Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Риддерде ойын алаңын бұзған жасөспірімдер анықталды

Риддерде ойын алаңын бұзған жасөспірімдер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдердің бұл әрекетіне жергілікті тұрғындар шағымданды. Полиция құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, оларды жауапқа тартты. 

9 мамырда Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде алаңдаушылық танытқан Риддер тұрғындары екі жігіттің қалалық ойын алаңдарының бірінің экспонаттарын қиратып жатқан сәті түскен бейнероликті жариялаған.

Қала тұрғындарының ескертуін елемей, олар өздерінің іс әрекетіне ешқандай жауапкершілік болмайтынын, ескі ойын алаңының орнына жақын арада жаңасын салатындығы туралы ақпарат желіде тарағанын айтқан. Бірақ ер балалар айтылған жазбаны көрсете алмаған.

Полицейлер 14 және 15 жастағы жергілікті тұрғындардың заңды өкілдерін бұзақылық дерегі бойынша жауапқа тартты.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізді. 

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті азаматтарды заң мен тәртіпті сақтауға, вандализмнің, бұзақылықтың, бөтеннің мүлкін бүлдірудің барлық фактілері туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру