Ақтөбе өңірлік университетінде криминалистикалық полигон ашылды
Ақтөбе өңірлік университетінде мамандандырылған кабинет – криминалистикалық полигон ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-нің Экономика және құқық факультетінде Ақтөбе облысы ПД тергеу басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен мамандандырылған кабинет – криминалистикалық полигон ашылды.
Онда студенттер шындыққа жақын жағдайларда криминалистика дағдыларын, оқиға болған жерді қарау ережелерін, қылмыстардың жекелеген түрлерінің тергеу тактикасы мен әдістемесін және нақты өмірлік жағдайларды неғұрлым егжей-тегжейлі модельдеуді қолдана алады.
Криминалистикалық полигонда өткізілетін практикалық сабақтар білім алушыларының теориялық білімдерін бекіту, біліктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатын көздейді. Оқу-имитациялық модельдерде әртүрлі қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайта жаңғыртатын алты жағдай бар.
Сонымен қатар макет залы қылмыстық құқық бұзушылықтардың іздерін табуға және алуға арналған криминалистикалық құралдар мен аспаптардан тұрады.
Фоторобот және оқиға орнын тексеру криминалистикалық бағдарламаларымен жабдықталған компьютерлік залы бар.