Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада діни қызмет туралы заңнаманы бұзған тұрғын жауапқа тартылды

Астанада діни қызмет туралы заңнаманы бұзған тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Діни бірлестіктің заңсыз қызметі туралы хабар «102» арнасы арқылы түскен. Қабылданған қоңыраудың желісімен астаналық полицейлер Құмбел көшесіндегі жеке үйге жалғасатын ғимарат мешіт ретінде жабдықталғанын анықтаған. Тексеру барысында бөлмеден діни әдебиеттер, тақтадағы намазхана және намаз уақыттары табылып, бөлмеде адамдардың жиналып жатқаны белгілі болған.

Сот отырысы барысында мешіт қалада тіркелген діни ғимараттар тізімінде болмағандықтан, заңсыз жұмыс істеген болып шыққан.

Қазақстан Республикасының діни қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін 59 жастағы елорда тұрғыны кінәлі деп танылып, заңсыз әрекетін тоқтата отырып, 184 600 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру