Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер балаға велосипедін тауып, қайтарып берді

Павлодарлық полицейлер балаға велосипедін тауып, қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Велосипедтің жоғалуы туралы қоңырау полиция қызметкерлеріне кешке түсті. Көп қабатты үйдің тұрғындары велосипедті үйдің ауласында қалдырып кеткен, ал бір сағаттан кейін оны қойған жерінен таппай қалған.

– Қоңырау түскеннен кейін біз бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттедік. Ер адамның велосипедті алып, Назарбаев даңғылындағы тұрғын үйге қарай кеткені анықталды. Жарты сағат ішінде тәртіп сақшылары Дамир Дүйсембаев пен Алманат Шақан велосипедтің тұрған жерін анықтап, көлік балаға қайтарылды, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері аймақ тұрғындарына мүлікке қатысты сақтық шараларын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Велосипедті (скутер, мопед) тіпті егер сіз қысқа уақытқа басқа жерге шықсаңыз да қараусыз қалдырмаңыз. Екі дөңгелекті көлікті егер жақын жерде болса, бейнебақылау камераларының көру аймағында қалдырған жөн. Велосипедті қоршауларға, немесе ұқсас құрылымға байлаған кезде оның сенімділігі мен тұрақтылығына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ  велосипедтің, скутердің және басқалардың меншігін растау үшін сатып алғаннан кейін сатып алуға қатысты барлық құжаттарды сақтаңыз, өйткені оларда велосипедтің немесе скутердің нөмірлері туралы ақпарат, сондай-ақ оның суреті болуы мүмкін.

Көлігіңізді суретке түсіріп алыңыз. Оның ерекше белгілерін есте сақтауға тырысыңыз – “табиғи емес” бөлшектер, орнатылған аксессуарлар (баптау), стикерлер, сызаттар және басқа зақымдар, велосипедті сипаттау және анықтау кезінде сіздің мүлкіңізді дәлелдеу үшін маңызды рөл атқаруы мүмкін. Кіреберісте бейнебақылау орнату мүмкіндігі туралы көршілеріңізбен сөйлесіңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру