Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада көлікті мас күйде тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Астанада көлікті мас күйде тізгіндеген жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында көлікті мас күйде басқаратын жүргізушілерді анықтады. Әсіресе демалыс күндері көптеген заң бұзушылықтар орын алады.
Осылайша, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Мәңгілік Ел көшесінің бойында 25 жастағы жүргізуші басқарған Toyota Land Cruiser 200 көлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде тәртіп сақшылары көліктің ішінен алкогольдің иісі шыққанын байқаған.

Қызметкерлер тоқтатылған азаматты медициналық тексеруден өтуге шешім қабылдаған. Сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталған.
Сот қаулысымен азамат ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынып, жүргізуші 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.

Көлік коммуналдық аумаққа орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру