Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы есірткі сақтаған күдіктіні ұстады

Алматы полициясы есірткі сақтаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полицейлері Түрксіб ауданының 37 жастағы тұрғынынан мылтық пен бірнеше бума «жылдамдық» есірткі затын тәркіледі.

– Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен, қалтасынан сұр түсті ұнтақ заты бар бір бума және екі сөмке табылған ер адамды ұстады. Күдіктінің үйін тінту кезінде атыс қаруы – 5,6 мм калибрлі ТОЗ-8 тіркелмеген аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. Қару мен есірткіні заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру