Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дөңгелек үстел өткізді

Алматы полициясы балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары “Назар аударыңыз! Балалар!” жедел алдын алу іс-шарасы аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде жолдардағы қауіптер туралы айтты.

– Бүгін полиция департаментінде білім басқармасы, қалалық мобильділік басқармасы, жалға берілетін микромобильді көлікті ұсынатын каршеринг компаниялары, сондай-ақ басқа да мүдделі қызметтер өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Балалардың қауіпсіздігін, оның ішінде демалыс кезеңінде қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Тәжірибе көрсеткендей, бүгінгі күні жасөспірімдер жалға алудың ерекшеліктеріне қарамастан, жалға берілетін самокаттарды пайдалану мүмкіндігіне ие. Өкінішке қарай, олардың қатысуымен болған ауыр жол-көлік оқиғаларының, соның ішінде қайғылы салдарымен болған жекелеген жағдайлар да бар. Балалар қолжеткізе алмайтындай жалға беру тәртібін қайта қарауды ұсындық, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру