Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты

Ақмола полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 мамырда Целиноград АПБ кезекші бөліміне кәмелетке толмаған қыздың жоғалғаны туралы аудан тұрғыны арызданды. Әйел 19 мамырда таңғы сағат 10:00 шамасында оның 15 жастағы қызы жанжалдан кейін үйден кетіп, оралмағанын айтты.

Өзі іздеп таба алмағандықтан, полицияға жүгінуді жөн көрген. 15 жастағы ақмолалықтың жоғалып кету фактісі бойынша полиция бөлімінің қызметкерлері дереу іске кірісіп, оның орналасқан жерін анықтау бойынша алғашқы іздестіру іс-шараларын жүргізді. Кезекші тәулік ішінде жоғалған қыз Талапкер ауылының бір көшесінен табылды.

Кәмелетке толмағанға қатысты үйден тыс уақытта ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды. Жасөспіріммен және оның анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

– 2024 жылдың басынан бері Ақмола облысында жоғалған 25 жасөспірім кезекші тәулікте табылды. Жазғы демалыстың басталуымен полицейлер ата-аналардан балаларына мұқият қарауды, жасөспірімдердің қай жерде екенін, әсіресе, түнде бақылауды күшейтуді сұрайды. Балаларды назардан тыс қалдырмаңыз, олардың істеріне, ойын-сауықтарына және әлеуметтік шеңберіне қызығушылық танытыңыз, – деді Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру