Түркістан облысында тұрғынның дүрбісін ұрлаған күдікті қолға түсті
Түркістан облысында тұрғынның дүрбісін ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын құны 50 мың теңге тұратын дүрбісінің ұрланғаны туралы арызданды.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша аталған ұрлық қылмысын жасаған күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің үйіне қонаққа келген, 29 жастағы танысы болып шықты.
Белгілі болғандай, ол үй иесінің дүрбісіне қызығып, байқатпастан жымқырып кеткен. Тәртіп сақшылары ұрланған дүрбіні тәркілеп, иесіне табыстады.
Қазіргі таңда ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргіліп жатыр.