Ақтөбе облысында ерлікпен қаза тапқан полицейдің құрметіне АӘД сыныбы ашылды
Ақтөбе облысында ерлікпен қаза тапқан полицейдің құрметіне АӘД сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысында ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі оның туған ауылындағы мектептің АӘД кабинетіне берілді. 1999 жылы 5 тамызда Амангелді Кусжанов еңбек демалысы кезінде Ақтөбе қаласы Рысқұлов көшесіндегі үйінің ауласында автокөлігін жөндеп жатқан. Кешкі сағат 19:00 шамасында бетперде киген, қолында тапаншасы бар белгісіз адам азық-түлік дүкеніне басып кіріп, бір күндік кірісті беруді талап еткен. Сатушы көмек сұрап айқайлаған кезде, ер адам дереу көшеге қашып шыққан.
Көмек сұраған дауысты естіген Амангелді жағдайды бірден бағалап, кездейсоқ атылған оқ аулада ойнап жүрген балаларға қауіпті төндіретінін бірден түсінген. Ол бір минут ойланбастан, қылмыскерді қуып жетуге асыққан. Қылмыскер өзінің ізіне түсіп келе жатқан Кусжановқа оның жолдасы да көмекке келе жатқанын байқағаннан кейін, полицейдің кеудесіне 2 метр қашықтықтан оқ атқан. Амангелді Кусжанов алған жарақатынан ауруханада есін жимастан қайтыс болды.
Полиция лейтенанты Амангелді Құсжанов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды (қайтыс болғаннан кейін). Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы мен туған ауылында оның атымен көше аталады. Амангелді Құсжанов оқыған мектепте ескерткіш тақта да орнатылған. Енді алғашқы әскери даярлық кабинеті полиция лейтенанты Амангелді Кусжановтың құрметіне аталатын болады.
Салтанатты шараға батырдың анасы, жұбайы, балалары, полиция департаменті және МКҚБ басшылығы, ІІО ардагерлері мен ауылдастары қатысты. Одан кейін оқушылар арасында жеңіл атлетикадан жыл сайынғы турнир өтіп, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.