Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ерлікпен қаза тапқан полицейдің құрметіне АӘД сыныбы ашылды

Алматы облысында ерлікпен қаза тапқан полицейдің құрметіне АӘД сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан қызметкердің есімі Райымбек ауданы Сарыжаз ауылы Алтынсарин атындағы орта мектептің АӘД кабинетіне берілді. Сол жердің тумасы учаскелік полиция инспекторы Еран Керімбеков 45 жасында қызмет бабында қаза тапқан болатын.

– 2011 жылдың ақпанында Ерлан өзінің сеніп тапсырылған аумағын жаяу патрульдеу кезінде, бұрын сотталған жергілікті тұрғынмен кездесіп қалды, ол мас болған және өзін дөрекі ұстаған. Ерлан Керімбеков бұзақыға ескерту жасап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартатыны туралы ескертті. Қылмескер учаскелік полиция инспекторының сөздерін соншалықты агрессия тудырады деп болжамаған. Мас күйдегі адам пышақ алып, тәртіп сақшысына қарсы соққы берді. Ерлан Керімбеков тепе-теңдігін жоғалтып жерге құлайды, ал ашуланған қылмыскер оны аяғымен тепкілеп соққыға алған, – деп мәлімет берді облыстық департаменттің баспасөз қызметі.

Өкінішке орай полицей Ерлан Керімбеков алған жарақаттары салдарынан ауруханаға жетпей мерт болды.

Полицейдің туған жері Сарыжаз ауылындағы мектепте ескерткіш тақтасын орнатып, қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан батырдың есімі дәріптелді.

ҚР Президентінің Жарлығымен 2011 жылдың мамыр айында қаһарман полицей қайтыс болғаннан кейін III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

– Полиция қызметкері біздің тыныштығымызды қорғап қайтыс болды. Ол бұл дүниенің таза әрі мейірімді болуын, біздің балаларымыздың әр күні қуаныш пен бақытқа толы болуын тіледі, – деп толықтырды ведомстводағылар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру