Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында үш күн ішінде екі жүзден астам автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

Алматы облысында үш күндік профилактикалық жұмыс нәтижесінде екі жүзден астам автобус жүргізушілері жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 мамырдан 2 маусымға дейін өңір аумағында “Туристік автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Мақсаты туристерді тасымалдау кезінде көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзған азаматтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған.

– 3 күн ішінде 222 автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін – 68, көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін – 62, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 50, сақтандырусыз көлік құралын басқарғаны үшін – 18, техникалық байқаудан өтпегені үшін – 9, жүргізушінің көлік құралын басқару құқығынан айырылған – 8, көлік құралдарын тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау–7, – деп атап өтті облыстық әкімшілік полиция басқармасы бастығының м.а. Еркебұлан Ахметов.

Бұл бұзушылықтар жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар апатты жағдайларға алып келуі және жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Осыған байланысты полиция жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ықтимал бұзушылықтардың алдын алу үшін осындай іс-шараларды жүргізуді жалғастырады.

Тәртіп сақшылары көлік компанияларының иелерін мен жүргізушілерді барлық белгіленген талаптарды сақтауға, көлік құралдарының үнемі техникалық жағдайын тексеруге және жол ережелерін қатаң сақтауға ерекше назар аударуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру