Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полиция азаматтарға сурдоаудармасы бар профилактикалық роликтерді дайындады

Жамбыл облысында полиция азаматтарға сурдоаудармасы бар профилактикалық роликтерді дайындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мүгедектігі бар адамдар арасындағы алаяқтық деректерінің алдын алу үшін полиция қызметкерлері сурдоаудармашылармен бірге осы тақырыпта бейнероликтер дайындады.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына алаяқтықтың ең көп таралған түрлері мен сақтық шаралары туралы айтып берді. Ал сурдоаудармашылар барлық ақпаратты ыммен, дене қимылдарымен түсіндірді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері азаматтарға ешбір жағдайда өздерінің жеке деректерін, банк карталарының деректемелерін бөгде адамдарға хабарлауға және басқа да ақпаратпен бөлісуге болмайтынын еске салды.

Полицейлер құжаттарды рәсімдеуде, кредиттер алуда, әлеуметтік көмек алуда және т.б. күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттігіне баса назар аударды. Полиция қызметкерлері азаматтардан өзара іс-қимылдың ресми түрінде ғана жүгінетінін, олар ешқашан телефон арқылы банктік шотпен қандай да бір іс-қимыл жасауды талап етпейтіндігін білу қажет.

Мүмкіндігінше, алаяқтық тақырыбында егде жастағы туыстармен әңгімелесу керек, өйткені олар ең сенгіш және бүгінгі технологиялардың қыр-сырын игере қоймаған адамдар.

Жамбыл облысының полиция департаменті егер алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, бірінші кезекте картаны бұғаттап, дереу «102» желісі бойынша полицияға хабарласу қажет екенін ескертеді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру