Алматы полицейлері Африка азаматтарын Қазақстаннан шығарды
Алматы полицейлері Африка азаматтарын Қазақстаннан шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Заңсыз» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Алматының көші-қон қызметі Африка құрлығының 3 азаматын мәжбүрлі түрде елден шығарып, Отанына қайтаруды ұйымдастырды.
– Бұл шетелдіктер Қазақстанда болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған. Атап айтқанда олар заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот шешімімен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.