Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында бір күнде ЖЖЕ бұзудың 90 фактісі анықталды

Ақтөбе облысында бір күнде қоғамдық көлік және такси жүргізушілерінің ЖЖЕ бұзуының 90 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10-16 маусым аралығында Ақтөбе облысы аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның бір күндік нәтижесі бойынша автобус пен такси жүргізушілерінің қатысуымен 90-ға жуық құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтсақ заңсыз жолаушыларды тасымалдаған 5 такси жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды және 1 такси жүргізушісінің жолаушыларды тасымалдау кезінде жолдың қарсы бөлігіне шыққаны анықталып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сонымен қатар жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған 15 дерек, көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды пайдаланған 6 дерегі және тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарған 3 дерек анықталды.

Осыған байланысты полиция жүргізушілерге және жол қозғалысының басқа қатысушыларына жолдарда қырағы және мұқият болуға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру