СҚО-да автобус жүргізушілері тарапынан ЖҚЕ бұзудың 30 фактісі тіркелді
СҚО-да полиция қызметкерлерімен бір күнде автобус жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 30 фактісін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық көлік жолаушыларының қауіпсіздігі - полицияның ерекше назарында. Сондықтан да 10 маусымнан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында "Автобус" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.
Тәртiп сақшылары көлiктiк бақылау инспекциясының қызметкерлерiмен бiрлесiп автобус бағыттарында тексерулер жүргiзуде. Жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінде адамдар мен жүктерді тасымалдайтын жүргізушілер тарапынан 30 бұзушылық анықталды.
Олардың арасында - жүріп кетпеуге қарсы құрылғының болмауы, есіктің апаттық ашылуының жұмыс істемейтін тетігі бұзушылықтар.
- Бұл кемшіліктер жарақатқа әкелуі мүмкін. Тәртіп бұзушылар көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ көлік басқарып келе жатып телефонды пайдалану мен маневр жасау ережелерін бұзудың 4 фактісі, жылдамдықты арттырудың бір жағдайы анықталды.
Өткізілетін тексерулердің мақсаты - Солтүстік Қазақстан облысы жолдарындағы көлік тәртібін нығайту және апаттылықты азайтуға бағытталған, - деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тыш.