Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейлері ІІО ардагеріне құрмет көрсетті

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері ардагердің үйіне барып, құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдыңғы толқынның әрбір өнегелі сөзі, тағылымды еңбектері кейінгі жастарға үлгі. Ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан тәжірибелі маман – ардагерлермен кездесуден жастардың алар өнегесі мол.

Полиция департаменті мен Ардагерлер кеңесі ұдайы ішкі істер органдарының ардагерлеріне қамқорлық көрсетіп келеді.

Осы ретте Қазақстан полициясы күні қарсаңында Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұңғышбай Серікбол ІІО ардагері Қыстаубай Смайловтың үйіне барды.

Ішкі істер органдарында қажырлы еңбек жасап, зейнеткерлікке шыққан сала ардагерін қолдау мақсатында полицейлер қазыналы қарияның ауласын тазалау жұмыстарын жүргізіп, құрмет көрсетіп, құттықтап қайтты.

Қыстаубай Смайлов 1942 жылы туған. 1966-1968 жылдары Алматы арнаулы орта милиция мектебінде оқыған. 1968-1992 жылдары Қызылорда қаласы ішкі істер бөлімінде учаскелік инспекторы болып қызмет атқарған. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Ішкі істер министрлігінің еңбегі сіңген учаскелік милиция инспекторы атағын алған. Әйелі мен ұлы пандемия кезінде қайтыс болған. Қолында келіні мен екі немересі тұрады.

Мереке қарсаңында құрмет көрсеткені үшін қария полиция ұжымына ақ батасын беріп, алғысын жеткізді.

Ерен еңбек етіп, елінің өркендеп-өсуіне үлес қосқан кешегі қызметкер, бүгінгі ардагерлерге құрмет көрсету жас ұрпақтың парызы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру