Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызмет пен отбасы: Жамбылда полиция ардагерлері тәжірибесімен бөлісті

Жамбыл облысы полиция департаментінде жас отбасылар мен полиция ардагерлері бас қосып, отбасы құндылықтары туралы еркін пікір алмасты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Берекелі отбасы – берік мемлекет" атты кездесуге полиция ардагерлері жұбайларымен бірге және жаңадан отау құрған жас отбасылар қатысты. Ресми жиыннан гөрі өмірлік тәжірибеге негізделген жылы жүздесуде аға буын өкілдері қызмет пен отбасы арасындағы жауапкершілікті қатар алып жүрудің қыр-сырын айтып, жастарға ақыл-кеңестерін берді.

Досмырза Махамбеталыұлы жұбайы Шолпан Шарифханқызымен және Семейхан Молданұлы жұбайы Гүлбану Қайырбердіқызымен бірге жастардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен өзара қолдау, сабырлылық, бірге уақыт өткізу, бала тәрбиесі және отбасылық дәстүрлерді сақтау мәселелері талқыланды.

– Отбасында мәселені кімнің жеңгені емес, оны бірге шешкен маңызды. Бір-біріңе тірек болып, қуанышты да, қиындықты да бірге бөлісе білсеңдер, шаңырақтарың берік болады, – деді ардагерлер.

Жастар да өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қызмет пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтау, ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністік және бала тәрбиесі жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында ардагерлер жас отбасыларға ақ батасын беріп, шаңырақтарына береке мен татулық тіледі.

Іс-шара "Адал азамат" қағидаттарын іске асыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ "Ұрпақтар сабақтастығы және және ұлттық құндылықтар" жобасының басым бағыттарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру