Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында күзгі демалыс кезінде 260-тан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Жамбыл облысында күзгі демалыс кезінде 260-тан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Күзгі демалыс кезінде Жамбыл облысының полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

Бұл ретте кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі уақыттағы жүріс-тұрысын бақылауға ерекше назар аударылды.

Полицейлер ойын-сауық орындарын тексеріп, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдерді анықтады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған құқық бұзушылықтардың жолын кесті.

Іс-шара қорытындысы бойынша түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандарға қатысты 239 дерек анықталды. Бұдан бөлек, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған жасөспірімдерге қатысты 4 дерек тіркелді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылықтың 17 дерегінің жолы кесілді.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдап, жасөспірімдер мен олардың ата-аналары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, олардың қайда жүргенін, кімдермен араласатынын және бос уақытын қалай өткізетінін бақылауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру