Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Полицияда қызмет ететінімді мақтан тұтамын»: тергеуші ата-анасы туралы айтып берді

Жетісу облысының полиция департаментінде қызмет ететін тергеуші Азамат Боранбаев ата-анасы мен полициядағы қызметі туралы әңгімелеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеуші Азамат Боранбаев бала кезінен борышқа адалдық, әділдік пен қызметке құрмет сияқты қағидаттарды бойына сіңірген.

Азаматтың ата-анасы да ішкі істер органының қызметкерлері. Ол бала кезінен полицей ата-анасын көріп өскен. 

Әкесі Ержан Ахметов – ішкі істер органдарының батыры, 2003 жылдан бастап полицияда өз қызметін бастаған. «Арлан» арнайы жасағында жұмыс істеп, 2013 жылы қызмет атқару барысында қарулы қылмыскерді ұстау кезінде жарақат алып, ерлікпен қаза тапты. ҚР Президентінің Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін «II дәрежелі – Айбын» орденімен марапатталды.

Азаматтың анасы – Баян Ахметова 2006 жылдан бастап полицияда жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Жетісу облысы ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы. 

– Мен тек үздік қызметкер болу үшін ғана емес, адалдық, әділдік пен кәсіпқойлықтың үлгісі болу үшін бар күшімді саламын. Менің мақсатым – маған дейін заң күзетінде тұрғандардың лайықты мұрагері болу, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ тергеушісі Азамат Боранбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру