Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда ұландықтар жоғалған баланы іздеп тапты

Талдықорғанда ұландықтар жоғалған баланы іздеп тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

​19 маусым күні Талдықорған қаласының “Жастар” спорт кешенінің маңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне белгісіз азаматша жоғалған баласын табуға көмек сұрап келді.

​Ұландық сарбаздар азаматшадан қысқаша мәлімет алып, әскери жасақ кезекшісіне баяндап, дереу іздеуге кіріседі. Шұғыл іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әскери жасақ кезекшісі капитан Дайыр Әбукенов, әскери жасақ бастығы қатардағы Әсет Жаңабай және патрульдеуші сақшылар Рамазан Серікбай мен Әлихан Аманжол жоғалған баланы жарты сағат көлемінде табады.

- Анасынан жоғалған балақай туралы белгілерді сұрап алғаннан кейін бірден іздеуге кірістік. Кешкі уақыт болғандықтан көшеде адам көп болды. Жан-жақты барлау кезінде сырт келбеті жоғалған баланың киімі, бойы, жасына сәйкес келетін баланы байқап қалдық. Нақтыланған соң, көмек сұраған азаматшаға хабарласып, баласын табыстадық, - дейді капитан Әбукенов.

​Бүлдіршінімен қауышқан қуанышты ана сарбаздарға алғысын білдіріп, 5514 әскери бөлім командирінің атына хат жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру