Алматыда мопед ұрлаумен айналысқандар қолға түсті
Алматыда мопед ұрлаумен айналысқандар қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта олардың бөтеннің мүлкін ұрлаудың 4 дерегіне қатысы бар екені белгілі болды.
– Күдіктілер заңсыз баю мақсатында түнгі уақытта көпқабатты үйлердің аулаларында қараусыз қалған көліктерді анықтап, оларды ұрлап кетіп, жасырып қойған, кейін қайта сатуды жоспарлаған. Алайда жоспарлары жүзеге аспай қалды: олар ұсталды, заттай айғақтар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қазіргі уақытта күдіктілердің бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.