Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер заң пәндерінің оқытушыларына заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді

СҚО-да полицейлер заң пәндерінің оқытушыларына заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті анықтау басқармасының қызметкері Раушан Бәкеева басқа да құқық қорғау құрылымдарының өкілдерімен бірге «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік ұйым Құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына арналған біліктілікті арттыру курстарының жұмысына қатысты.

Ол денсаулыққа жеңіл зиян келтіру құрамын әкімшілік заңнамадан қылмыстық заңнамаға ауыстыру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі заңдық шаралар, сондай-ақ темекі өнімдерінің заңсыз айналымына тыйым салу туралы айтып берді.

Құқықтанушылар құқық саласында сұрақтар қойып, заңнамалық өзгерістерді басқа елдердің оң тәжірибесімен салыстыра отырып талқылады.

– Солтүстік Қазақстан университеті түлектерінің көпшілігі полиция қызметкері болады, оларға жаңартылған заңнама бойынша жұмыс істеуге тура келеді. Оларды студенттік шақтан даярлауға көмектесу жоғарғы оқу орындарымен белсенді өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлеріміздің міндеті. Сондай-ақ профилактикалық мақсатта педагогикалық құрам студенттерге вейп қолданғаны және қақтығыстарды агрессия арқылы шешуге бейімділігі үшін жауапкершілікті жеткізеді, өйткені қылмыстық қудалау тек отбасында ұрып-соғу үшін ғана емес, сондай-ақ кез келген қол салушылық үшін де жауапкершілікті көздейді – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Сергей Табарин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру