Павлодар облысы ҚАЖД мекемелерінде домбыра күні атап өтілді
Павлодар облысы ҚАЖД мекемелерінде домбыра күні атап өтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл қазақ мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде тойланады, домбыра – қазақ мәдениетінде маңызды орын алады.
№44 және №46 мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қазақ халық әндерін орындау ұсынылды. Домбыра – қазақтардың ғана емес, бүкіл түркі әлемінің музыкалық аспабы. Домбырасыз қазақ мәдениеті мен өнерін елестету мүмкін емес, бүгінгі күнге дейін орындалатын күйлерде халқымыздың бүкіл тарихы бейнеленген.
ҚАЖ комитетінің №45 мекеме РММ-нің жасақ бастығы Эльмурод Ергашев ұлттық домбыра күніне орай өз домбырасымен күй шертті. Эльмурод Ергашев мектеп кезінен бастап домбырада ойнай бастаған, айтуы бойынша балалық кезінде әкесі домбыраның құлағында ойнаған дейді.
– Домбыра тартқан өзіме ұнайды. Отбасымен, мерекелік жиындарда өзімнің қара домбырамды ала барамын, тастамаймын, маған домбыраның дауысы, күй тартқан ұнайды. Домбыра тартпайтын қазақ жоқ шығар, жұмысты күндерімде де шамалы уақыт тауып біраз болсын күй шертемін, тартқан күйімді қасымдағы әріптестерім тамсана тыңдайды. “Адай” күйін шерткен кезде көңіл-күйім көтеріңкі болып, жан-дүнием бір мезгілде өзгергендей болады, – дейді Эльмурод Ергашев.
Ұлттық домбырамыз біздің баға жетпес байлығымыз, сондықтан қара домбырамызды дәріптеуді ешқашан тоқтатқан емеспіз.