Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейі “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының жеңімпазы атанды

Көлік полицейі “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қуановтар отбасы Астана қаласында өткен “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының Байқоңыр ауданы бойынша жеңімпазы атанды. Іс-шараға 200-ден аса отбасы қатысып, бақ сынады.

Қуанов Мақсұт ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі. Ішкі істер органдарында 2001 жылдан бері қызмет етіп келеді. Самбо күресінен, қоян-қолтық ұрысынан спорт шебері, дзюдо күресінен спорт шеберіне үміткер. ҚР ІІМ Чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.

Бүгінде полиция подполковнигі Қуанов Мақсұт жұбайы Әлиямен 6 бала тәрбиелеп өсіріп отырған үлгілі, көпбалалы отбасы.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде жыл сайын “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауы өткізіліп тұрады. Байқаудың негізгі мақсаты – қазақстандық отбасының өнегелі құндылықтарын санаға сіңіру, отбасы институтын нығайту және мәртебесін арттыру, жауапты ерлі-зайыптылықтық маңызын таныту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру