Ақмола полицейлері 20 жастағы жігітті бопсалап, ақшасын алған күдіктіні ұстады
Ақмола облысында полиция қызметкерлері бопсалау фактісін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Прокуратураны үйлестіру кезінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, Бурабай курорттық кентінде ірі сомадағы ақшалай қаражатты бопсалау фактісінің жолын кесті.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел қызметкерлер жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ол физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, 20 жастағы жігіттен 200 000 теңге бопсалады. Тергеу іс-шаралары барысында ұсталған адамның қылмыстық іс-әрекетінің заттай дәлелдемелері тәркіленді.
Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның барысында қылмыскер ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кету керек, 2023 жылы Бурабай ауданының аумағында полиция қызметкерлері басқа ведомстволармен бірлесіп бопсалаушылардың қылмыстық тобының қызметін тоқтатты. Қазіргі уақытта бұл адамдар сотталды.
Полицейлер ҚР ҚК 194-бабына сәйкес, бопсалау 4 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салады. Егер қылмыс топ құрамында жасалса, онда кінәлілер үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.