Алматы тұрғындары қызметте кәсібилік танытқан полицейге алғыс білдірді
Алматы тұрғындары қызметте кәсібилік танытқан полицейге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы ПД басшылығына ЖШС бірінің өкілінен алғыс хат келіп түсті. Хат авторы кабельдің зақымдалуына байланысты жанжалды шешуге көмектескен Наурызбай аудандық ПБ-ның учаскелік полиция инспекторы Хамит Үсенбаевқа алғысын білдіреді.
– Полиция қызметкері жағдайды шешуге барын салды және оны барлық құқықтық норманы сақтай отырып, бейбіт жолмен шешуге тырысты. Инспектордың жұмысқа деген көзқарасы мен оқиғаның соңы екі жаққа да ұнады. Біз оның азаматтарға ілтипатпен қарайтынын және өз міндеттерін адал атқарғанын айтқымыз келді. Алғыс сөздер – азаматтардың қауіпсіздігін күндіз-түні қорғайтын, қашанда қолжетімді болып, кез келген жағдайда көмекке келушілер үшін маңызды ынталандыру, – деді хаттың авторы.