Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды

Алматыда есірткі сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы полициясының қызметкерлері қалалық прокуратураның бастамасымен “Есірткі қылмысына қарсы күрес” жобасы аясында және ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, ҚР ҚМА қызметкерлерінің көмегімен өткен жылдың мамыр айында тұрақты есірткі желісін жойған болатын.Сол кезде марихуананы жеткізу мен сатуды бес адам ұйымдастырған: бірге тұратын жұп, олардың досы, жасырын қойып кетуші және курьер. Жедел тергеу шаралары барысында анықталғандай, жас жұп қылмыстық процеске жетекшілік еткен.

Олар ұйымдастырушы және үйлестіруші рөлдерін атқарды. “Тауарды” жасырын қоюшылардың міндеттері екі дос арасында бөлінген. Ал курьер болып топ мүшелерінің біреуі жүрді.

– Мессенджер арқылы есірткіні контактісіз әдіспен сата бастаған есірткі саудагерлерінің қылмыстық әрекеттері тоқтатылды. Қаскөйлердің Испания мен АҚШ-тан пошта арқылы есірткі сәлемдемелерін алғаны анықталды. Шөп үшін төлем тұтынушылардан электронды төлем жүйесі арқылы алынды. Қаражатты алу екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылды. Сол кезде күдіктілердің қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталып, күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша рұқсат етілген тінтулер жүргізілді, – деп, еске алды Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушы есірткі құралдарын заңсыз өндіру, сақтау, өткізу, ұйымдасқан топ құру және оған жетекшілік ету, үгіт-насихат жасағаны және есірткі заттарын заңсыз жарнамалағаны үшін кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық топтың қалған мүшелері, оның ішінде 35 жастағы әйел, әрқайсысы 15,6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру