Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан ер адам қолға түсті

Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан ер адам қолға түсті. Күдіктіден тәркіленген заттың қара нарықтағы бағасы 8 млн теңгеге жуық, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 маусым күні Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы кинология орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Азаттық даңғылындағы үйлердің бірінде синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан 37 жастағы ер адамды ұстады. Тінту кезінде құны 8 млн теңге шамасында болатын мыңға жуық доза «Альфа-PVP» синтетикалық есірткі заттары анықталды.

37 жастағы ер адамның Telegram әлеуметтік желісі арқылы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу, сатып алу және сақтаумен айналысатын жарнама арқылы жеңіл пайда тапқысы келгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру