Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы балалар колониясында жиһаз цехы ашылды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің кәмелетке толмаған балалар жазасын өтейтін №11 мекемесінде жиһаз цехы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Цехтың ашылу іс-шарасына «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау және әкімшілік тосқауылдарды төмендету бөлімінің басшысы Еркебұлан Бейімбет пен ҚАЖД сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Ерік Райымқұлов арнайы қатысып, «Azeris» жиһаз цехының тиімділігіне тоқталды.

– Жаңадан ашылған жиһаз цехы мекемеде жазасын өтеп жатқан 8 жасөспірімді ақылы жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл жазалы жасөспірімдердің қазір сұранысқа ие жиһаз жасау мамандығын игерулеріне ықпал етсе, екінші жағынан табыс тауып, сотпен белгіленген шығындарын өтеуге және аз да болса ата-аналары мен бауырларына қаржылай көмек беруге мүмкіндік тудырады. Аталған цехта жұмыс істеудің тағы бір тиімді жағы – еңбек ете жүріп шеберліктерін шыңдайтын жасөспірімдер еркіндікке шыққан соң кәсібі бойынша жұмысқа орналаса алады, – дейді мекеме бастығы Мирас Төлубаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру