Ақмола облысының көші-қон қызметі биыл 45 мыңнан астам адамға құжат ресімдеген
Ақмола облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері биыл 137 ақмолалықтың үйіне барып, құжаттарын ресімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола полицейлері жүріп-тұруы қиын қарт тұрғындарды және денсаулығы нашар адамдарды құжаттандыру үшін азаматтардың тұрғылықты жеріне барды.
Тәртіп сақшылары азаматтардың осы санатына жеке басын куәландыратын құжаттарды алу үшін 1414 нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалу немесе тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметі бөліміне жазбаша өтінішпен жүгіну қажет екенін еске салады.
Мәселен 2024 жылы көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері 45 мың 870 адамды құжаттандырған. 137 азаматқа құжаттандыру бойынша қызметтер үйге барып көрсетілген.
Олардың қатарында Көкшетау қаласының 45 жастағы тұрғыны денсаулығының ауыр жағдайына байланысты ми инфарктісінен зардап шеккен бірінші топтағы мүгедек Андрей Киселев те қызмет алу үшін ХҚКО-ға өз бетінше келуге мүмкіндігі болмады.
Ер адамның жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткендіктен, ағымдағы жылдың шілде айында полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша ақмолалыққа барды.
Оған жаңа жеке куәлік айдың соңында беріледі.