Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы есірткі зертханасын жойды

Республикалық “Қарасора” іс-шарасы аясында Алматының ҰҚҚКБ қызметкерлері есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурызбай ауданындағы жеке үйлердің бірінде синтетикалық есірткі дайындалған. Үйді тінту кезінде, атап айтқанда, тұрғын үйдің жертөлесінде қабаттары бар шыны ыдыстар, прекурсорлар, химиялық заттар мен синтез қалдықтары салынған канистрлер, таразылар, араластырғыш, синтез камерасы, қою-сары түсті сұйықтық салынған ыдыстар, тыныс алу органдарына арналған маскалар, химиялық жұмыстарға арналған комбинезон және басқа да жабдықтар анықталды және тәркіленді. Күдіктіге қаланың әртүрлі жерінде ұсталған оның екі танысы көмектескені жедел анықталды.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар мефедрон екені белгілі болды, прекурсордың жалпы салмағы 7 келіден асты.

Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық ПБ-да сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру