Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полициясы жолда қалған шетелдіктерге көмек көрсетті

Павлодар облысының полициясы жолда қалған шетелдіктерге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Павлодар облысының полиция департаментіне көрші мемлекеттің азаматтары Олеся Десятова мен Максим Левиннен патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Тілеген Сыздықов пен Сүйіндік Рахметовке алғыс түсті.

– Қазақстан полициясына Ресей азаматтарына көмек көрсеткені үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Сол күні біз Теміртаудан шығып, Омбы қаласына бет алдық. Қалқаман кенті мен Павлодар қаласы арасындағы автожолда автокөлігіміз сынып қалды. Біз абдырап қалдық, не істерімізді білмедік. Бізге полиция қызметкерлері көмекке келді. Көлікті сүйреп апарып, ең жақын жердегі ТҚС-ке жеткізді, біздің көлікті жөндеген шебермен сөйлесті. Содан кейін бізді шекараға дейін ілесіп алып жүрді. Полицейлер өте мейірімді адамдар және парасатты қызметкерлер. Олар жағдайды зерттеп, мәселені шешуге көмектесті. Мен оларға өте ризамын, – деп жазады Олеся Александровна.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру