Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жас спортшыларға есірткінің зияны туралы айтты

Қазақстан Республикасында «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» шеңберінде полиция қызметкерлері балалар мен жасөспірімдерде есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру акцияларын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері Шал ақын ауданында «Кұлеке Батыр» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында жас спортшылармен кездесті. Балаларға тыйым салынған заттарды қолданудың орны толмас зияны туралы айтып, есірткі айналымына байланысты кез келген ақпаратты ата-аналарына немесе полицейлерге «102» телефоны арқылы хабарлау керектігін еске салды. Кездесу соңында барлығына кітапшалар мен жадынамалар таратылды.

Жыл басынан бері ауданда өсімдік тектес есірткіні жеке тұтыну мақсатында сақтаудың үш ғана фактісі тіркелген. Дегенмен, тәртіп сақшылары тұрғындар арасында жүйелі түрде алдын алу іс-шараларын жүргізіп, әлдеқайда зиянды әсер ететін синтетикалық есірткілердің таралу қаупі туралы хабардар етеді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев атап өткендей, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің жұмысында негізгі назар синтетикалық есірткіге қарсы күреске аударылады.

Жыл басынан бері облыста 5 келі 611 грамм синтетикалық есірткі тәркіленген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 5 есе көп.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру