Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында 28 отбасылық жанжалқой жауапқа тартылды

Ақмола облысында 28 отбасылық жанжалқой жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені және ұрып соққаны үшін 28 құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Осы жылдың 6 тамызында Ақмола облысында отбасылық жанжалқойлар үшін жария сот отырысы өтті. Жария түрде айыптау және жазалау үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты қарау таңдалды.

Бұған дейін 26 шілдеде Степногорск қаласы ПБ-ға жергілікті тұрғын оған қасақана дене жарақатын келтірген бұрынғы жұбайына қатысты шаралар қабылдау туралы өтініш білдірген болатын. Сараптама көрсеткендей, зардап шеккен адамның денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.

2024 жылғы 6 тамызда қалалық соттың мәжіліс залында ер адамға Степногорск қаласының пробация қызметінің профилактикалық есебіне қойылып, 40 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі үкім жарияланды.

Полиция басқармасы, жеңіл дене жарақаты үшін жауапкершілік пен салдарлардың дәрежесін түсінетін отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша есепте тұрған басқа азаматтар үшін көрсеткіш сот сабақ болады деп есептейді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Парламент депутаттары бастамашылық еткен Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Өзгерістер 2024 жылдың 16 маусымында заңды күшіне енді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін бап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен қылмыстық құқық бұзушылыққа ауыстырылды.

Жалпы, осы жылдың 7 айында облыс аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 54 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 28-і тұрмыста ұрып-соққаны үшін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру