Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында мас күйде көлік басқарған тұрғын әкімшілік қамауға алынды

Қызылорда облысында мас күйде көлік басқарған тұрғын 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қызметтік міндетін атқару барысында ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізушіні ұстап, апатты жағдайдың алдын алды. 

Нақтырақ айтсақ, полицейлер 16 тамыз сағат 23:10 шамасында Жаңақорған кенті Ғ.Мұхамеджанұлы көшесінің бойында ВАЗ автокөлігін мас күйінде басқарған жүргізушіні тоқтатты. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша хаттама толтырылып, автокөлігі айып тұрағына қойылды. Жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 7-бөлігімен кінәлі деп танылып, 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жаңақорған ауданының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру