«Таза Қазақстан» акциясы: Қызылорда облысында полицейлер 3,2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады
Сыр өңірінде «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылдың сәуір айында елде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ елдімекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған бұл акция Қызылорда облысының аумағында да жалғасып жатыр.
Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 3200-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде абаттандыру қағидаларын бұзудың – 2 193, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың мыңнан астам дерегі анықталып, 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясын өткізу мақсатында 23 мобильді топ құрылып, 3 720 бірлескен рейдтік іс-шара өткізіліп, нәтижесінде бес стихиялық қоқыс орындары анықталды.