Полиция алаяқтықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Түркістан облысында полиция алаяқтықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары қоғамдық жерлерде адамдарға жадынамалар таратып, алаяқтардың айла-тәсілдері және сақтық шаралары туралы бірқатар бейнероликтер дайындады. Бейнероликтердің бірінде полицейлер азаматтарды мұқият болуға және киберқылмысқа бірге қарсы тұруға шақырады.
– Егер сізге белгісіз адамдар қоңырау шалып, жеке мәліметтеріңізді немесе телефонға келген кодты хабарлауды сұраса, абай болыңыз! Мұндай өтініштерге сенбеңіз. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін қырағы және сақ болуға шақырамыз, – деп атап өтті тәртіп сақшылары.